Жалпыға ортақ декларация: табысы мен мүлкі туралы есепті кімдер бермейді

26.11.2024 14:51

Жалпы декларацияны ерікті түрде кез келген адам тапсыра алады. Негізі бұл жүйе 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары табысы мен мүлкі жайлы есеп берді. Ал екінші кезекте мемлекеттік мекеме мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайлары декларация тапсырды. Ал 2024 жылы 1 қаңтардан бастап заңды тұлға басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары есеп берді. Келер жылы декларациядан өтетіндер саны 13 миллионға жетуі керек еді. Алайда 8 миллионға жуық адам бұл міндеттен босатылды. Бұл – елдегі жеке тұлғалардың 90 пайызы. Олардың қатарында кімдер бар? Табысы мен мүлкі туралы есепті кімдер бермейді? Осы және өзге сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қанағат Күлембаев жауап береді.

– Қанағат Орынбасарұлы, келесі жылы декларация тапсырудан кімдер босатылды?

 "250-нысанда декларацияны кімдер тапсырудан босатылады? Жеке тұлғаның шетелде жылжымайтын мүлкі, көлік құралдары, шетелдік банктердегі ақшалары 1000 АЕК аспайтын болса, инвестициялық бағалы металлдары, шетелдік компаниялардағы үлесі, тұрғын үй құрылысындағы үлесі, бағалы цифрлары, активтері одан кейін брокерлік шоттарындағы ақшалары, зияткерлік меншік, дебиторлық, кредиторлық қарыз және тағы да басқа шетелде орналасқан мүліктері мен заттары болмаған жағдайда жеке тұлғаларды босату көзделген".

– Ал мүлкі мен табысы туралы декларацияны келер жылы кім тапсырады?

"Шетелде орналасқан мүліктері болатын болса, сол адамдар 250-нысандағы декларацияны тапсыруға міндетті болады.  Сонымен қатар декларацияны өз еркімен тапсыруға да мүмкіндік беріліп отыр. Сонымен қаттар сайланбалы лауазымға ие немесе мемлекеттік лауазымға үміткер азаматтар мен олардың жұбайлары, және банктердің сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы болуға үміткер азаматтар мен олардың жұбайлары тапсыруға міндетті".  

Оқи отырыңыз: Халық қатысатын бюджет: Алматыда биыл жобаға 19 миллиард теңге бөлінді