Күлия Үсенова Ақбұлым ауылында тұрады
Жамбыл облысының ең егде жастағы тұрғыны да бүгін дауыс берді. 102 жастағы Күлия Үсенова Ақбұлым ауылында тұрады. Қарт ана № 465 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасаған. Маңызды науқанда белсенділік танытқан ол 1922 жылы дүниеге келіпті. Агросалада еңбек етіп зейнетке шыққан кейуана бүгінде 10 шақты немере мен шөбере сүйіп отыр. Ақжаулықты ана «референдум учаскесіне арнайы келіп дауыс беру - өз елін сүйетін әрбір азаматтың борышы» деп есептейді. Ал учаскелік комиссия мүшелері әжейге алғысын айтып, шағын сыйлықтарын табыс етті.
"Дауыс берейін деп арнайы келдім. Еліміз аман, халқымыз тыныш, бейбітшілік болсын! Бәрімізге Алла тыныштық берсін!" – деді Ақбұлым ауылының тұрғыны Күлия Үсенова.
Оқи отырыңыз: Алматыда референдумға 99 жастағы қария қатысты