Зауыт фосфат кенішінен шикізат алып, оны толықтай өңдеп 5 түрлі тауар шығарады
Жамбыл облысында өндірісінен қалдық қалмайтын химиялық зауыт салынып жатыр. Елде жоқ Сарысу ауданындағы жоба жылына 1 млн тонна өнім өндіреді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зауыт фосфат кенішінен шикізат алып, оны толықтай өңдеп 5 түрлі тауар шығарады. Негізгі өнімі - күкірт қышқылы. Сонымен қоса мұнай-газ саласында қолданылатын кальций хлорын дайындайды. Өндіріс мал және құс шаруашылығына арналған үш түрлі тыңайтқыш шығаруды көздеп отыр. Жоба құны 1 миллиард доллардан асады. Инвестицияны әлемдік алпауыт Еурохим компаниясы құяды. Жоба іске қосылса, өңірде мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ. Жоспар бойынша өндіріс 2027 жылы басталады.
"Зауыттың басты ерекшелігі 99,9 пайыз тазалық болады. Оның себебі қолданатын суды тазалап, фильтрден өткізеді. Италияның технологиясы бойынша фильтр орнатылған. Атмосфераға 100-ден бір бүтін қалдық шығуы мүмкін", – деді Еурохим техникалық қызмет көрсету дирекциясының директоры Анатолий Чикин.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша