Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

24.11.2024 11:48

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды

Аlmaty.tv

Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

"23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: СҚО-да Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды