Жамбыл облысында қаңғыбас иттер әскери бөлімде қызмет етпек

Тараздағы қаңғыбас иттерге арналған панажай шілдеде ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер Қарулы Күштер қатарында қызмет етеді. Оңтүстік Өңірлік қолбасшылығының қызметкерлері Тараздағы төртаяқтыларға арналған орталықтан иесіз 10 итті асырап алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар облыс аумағындағы 5 әскери бөлімге барып, түрлі тапсырмаларды үйренеді. Кейбірі механикаландырылған бригада мен тау сақшылары ротасына аттанса, бірі Тараздағы әскери бөлімдерде күзетшілерге жәрдемдеседі. Жаңа бастама сәтті болса, барлық әскери бөлімдер қызметке жарамды төраяқтыларды алмақ. Тараздағы қаңғыбас иттерге арналған панажай шілдеде ашылды. Бүгінге дейін мұнда 150 жануар әкелініп, 40-тан астамын жаңа иесі асырап алды.

"Әскери бөлімде қарауылдарға иттің пайдасы көп. Иттермен айналысатын қарауылда жеке құрам бар. Сол кісілерге екі итті жеткізіп беремін, олар үйретіп, тамағын береді", – деді 63563 әскери бөлімінің қойма бастығы Сәбит Жаманов.

"Әскери бөлімшелерге 10 шақты ит алдық. Ертең олар далада қаңғып, адамға қауіп туғызбайды. Маңыздысы да – осы", – деді белсенді Жанна Мамашева.

Оқи отырыңыз: Сарбаз өлімі: Жаркент гарнизонындағы әскери бөлімде күдікті 4 адам ұсталды

 

Новости партнеров