Бірыңғай QR код: Қазақстандағы банктер бірігетін төлем жүйесінің қандай пайдасы бар

Биыл ақпанда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов  жаңашылдық жыл соңына дейін іске қосылатынын айтқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Келесі жылы Қазақстандағы банктер біртендеп бірыңғай QR код төлем жүйесіне қосыла бастайды. Биыл ақпанда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов  жаңашылдық жыл соңына дейін іске қосылатынын айтқан.

Игі бастаманың дайындығына қанша уақыт кетеді? Жүйе қалай жұмыс істейді? Мұның кімдерге пайдасы бар? Бұл сұрақтарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы ҚР Ұлттық банкі ұлттық төлем корпорациясы Open Api жобасының жетекшісі Жанна Мүсірепова жауап береді.

– Бірыңғай QR кодты енгізуге не түрткі болды? Жүйе қалай жұмыс істейді?

"Негізі Ұлттық банк төлем нарығында қалыптасқан кезекті талдау болды. Сол талдаудың нәтижесі қазіргі қалыптасқан төлем процесі тұтынушылар үшін қиын процесс. Сондықтан жүйе барлық тұтынушыға, кәсіпкерлерге, банктерге төлем жасауды жеңілдетеді. Төлем процесі пос-терминалға тұтынушы сомасын енгізеді. Енгізгеннен кейін тұтынушы өзінің қалаған мобильді қосымшасын ашып, сол пос-терминалға келіп, сканерлейді. Сканерлеген кезде өзінің қалаған шотын таңдап, төлемді растайды. Барлық төлем процесі өте тез және жеңіл.  Қалыптасқан төлем процесінен айырмашылығы жоқ".

– Ал жүйе қашаннан бастап қолданысқа енеді?Қазір қай кезеңі жүзеге асып жатыр?

"15 қарашада финансистер конгресінде банкаралық QR код арқылы төлем процесі пилоттық режимде өтті. Жүйеге екі банк қатысқан. Төлем корпорациясының QR жүйесі дайын. Ал банктерді қосу ондай, жеңіл деп айта алмаймын. Уақыт керек. Сондықтан 2025 жылы барлық банк жүйеге қосылып бітеді деп ойлаймн".

– Жаңашылдық кәсіпкерлерге несімен тиімді? Ал қарапайым халыққа бұдан не пайда?

"Қарапайым халық үшін, біріншіден, төлем жасау жеңіл болады. Менде бірнеше мобильді қосымша бар, бірақ төлем жасайын десем, банкаралық QR арқылы бір ғана қосымшаны таңдаймын. Ал кәсіпкерлер болса, бірнеше терминал керек емес. Ол өзінің қалаған банкін тек коммерциялық шарттарға қарап, таңдай алады".

Оқи отырыңыз: Бидай экспорты: 2025 жылы қандай елдерге астық шығарылады

Новости партнеров