Жамбыл облысындағы атыс: төрт күдікті ұсталды

31.07.2025 08:41

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

niu niu/ unsplash.com/

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Мойынқұм ауданындағы атысқа қатысы бар деген күдікпен төрт ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталғандардың барлығы аталған ауданның тұрғыны. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы полициясы басшылығының бақылауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жер сілкінісінен кейін бес кит жағаға шығып қалды