Әлеуметтік нысандардың жұмысы халық наразылығын тудырып отыр
Жамбыл облысындағы қалалардың инфрақұрылымы әбден ескірген. Олардың басым көпшілігі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары салынған. Мәселен, 500 мың халқы бар Таразда жылу желілерінің 67 пайызының тоз-тозы шықса, Шу қаласында құбырлардың жартысынан көбі көнерген. Бұл туралы бүгін Сенатта депутат Бекболат Орынбеков айтты деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оның айтуынша, аталған шаһарларда қыс мезгілінде құбырлар жиі жарылатын көрінеді. Сол себепті әлеуметтік нысандардың жұмысы мен жылу беру қызметі тұралап, халықтың наразылығын тудырып отыр.
Сенатор Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, тұрғындарды базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін маңызды жобалардың бұған дейін Үкімет қазынасынан қолдау таппағанын айта келе, 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржы бөлуін сұрады.
«Жергілікті орган мен жылу желісін қайта жаңғырту бойынша 14 жоба әзірленіп, бүгінде салалық министрлікке ұсынылған. Жобалар іске асырылғанда жылу құбырларының деңгейін Тараз қаласында 12 пайызға және Шу қаласында 21 пайызға төмендетіп, өңірдің инфрақұрылымдық жағдайына оң септігін тигізетін болады», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда инвестициялық қор атынан жұмыс істеген қаржы пирамидасы әшкереленді