Үш адамға 24 млн теңге айыппұл салынды
Тараз қаласының сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
«Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде заңбұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында.
Смағұлов, Полатбеков және Асанға жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салынды.
Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында 9 адамды қарақұрт шаққан