Жамбылда 28 жастағы тұрғыннан есірткінің үлкен партиясы тәркіленді

Жамбыл облыстық ПД
Жамбыл облыстық ПД

Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана.

- Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда, - дейді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Оқи отырыңыз: Петропавлда жасөспірімдер иттің құлағында петарда жарып, қорлаған

Новости партнеров