Петропавл полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді
Петропавлда еріктілер қала полициясына жасөспірімдер күшікті қорлап, жануардың құлағында петарданы жарып жібергені туралы өтінішпен жүгінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық Наталья Чиркова өзінің Instagram-парақшасында Петропавлда болған жантүршігерлік оқиғаны жариялады.
"Сұмдық жағдай болды... Балалар итті мазақ етіп, құлағына отшашу салып, оны жарып жіберді. Балалар бұл қатыгез әрекетті бақылап тұрды... Оқиға туралы естіген ерікті бірден қалжыраған күшікті іздеуге шықты, ит шамамен 4 айлық", - деді Наталья Чиркова.
Оның айтуынша, ерікті күшікті балалардан алып, клиникаға алып кеткен, қазір ол ем қабылдап жатыр.
Петропавл полициясы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың іс-әрекетінің кесірінен зардап шеккен итке қатысты оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі анықтайды. Полицияға Береке шағынауданында кәмелетке толмаған бала пиротехникалық бұйымды пайдаланып, итке дене жарақатын салғаны туралы қоңырау түсті. Қазіргі уақытта полицейлер болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтап жатыр, дерек бойынша тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады басқарма.
Назар аударыңыз! Бейнеде адамшошырлық кадрлар бар және психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдерге және 18 жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды.
Оқи отырыңыз: Алматыда контейнерлік алаңдарды санитарлық өңдеу жұмыстары күшейтілді