Жаңа вагондар тиелген: Алматыдан Саратовқа қатынайтын алғашқы пойыз жолға шықты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ

Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдан Саратов қаласына қатынайтын алғашқы пойыз 30 жаңа жолаушылар вагонымен толықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа вагондар Петропавл қаласындағы отандық зауытта өндірілген және бүгінде №7/8 «Алматы-2 – Саратов» бағыты бойынша жолға шықты.

«Бұл жаңарту жолаушыларға заманауи әрі жайлы вагондармен жол жүруге мүмкіндік береді. Жаңа құрамда әр пойызда 10 вагон, оның ішінде 5 купелік және 5 плацкарт вагон бар. Бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалданады», - делінген хабарламада.

Пойыз жұп күндері қатынайды: Алматы станциясынан сағат 20:00-де шығып, Саратов қаласына бір күннен кейін (Ресей уақытымен), сағат 10:10-да жетеді. Кері бағытта Саратовтан сағат 14:55-те шығып, бір күннен кейін Алматыға (Қазақстан уақытымен) сағат 06:54-те келеді.

Жаңа вагондар халықаралық стандарттарға сай жобаланған.

«Әр купеде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарық шамдары, бас тірегіштер, гаджеттерін қуаттауға арналған USB порттары және электр розеткалары бар. Ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін арнайы бейімделген купелер мен арбаларға арналған орындар қарастырылған», - дейді компания өкілдері.

Сондай-ақ жолсеріктерді шақыру батырмалары орнатылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірінде аквапаркке кіру құны арзан

Новости партнеров