Жаңаөзенде көлік аударылып, екі бала көз жұмды

стоп кадр
стоп кадр

Оқиға барысында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзенде тасжолда кетіп бара жатқан жеңіл көлік аударылып кетіп, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға барысында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Әлеуметтік желіде жол апатының Жаңаөзен тасжолда болғанын хабарланды. Бастапқыда апат салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар екені хабарланған.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі оқиғаның 12 наурызда болғанын хабарлады. Шақырту сағат 19:51-де түскенн.

«Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, оның екеуі – бала. Кәмелетке толмағандар аурухананың жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын ғана айтып, жол-көлік оқиғасы туралы толық мәлімет берген жоқ.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында 174 жүк көлігі жолда қалып қойды

Новости партнеров