Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға соттауды талап етті

Depositphotos
Depositphotos

Анасы 8 жылға сотталуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Перизат Қайратқа қатысты істің мемлекеттік айыптаушылары жаза мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Прокурор Арман Кезекен соттан келесідей жаза тағайындауды сұрады:

  • Перизат Қайратқа – 10 жыл бас бостандығынан айыру;

  • Ғани Алашбаеваға – 8 жыл бас бостандығынан айыру.

Жасалған қылмыстардың аса қауіпті сипатын ескере отырып, айыптаушы тарап сотталушыларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп санайды. Мұндай ауқымды және мән-жайы ауыр ұрлық қоғамдық мүдде мен моральдық қағидаттарға өрескел қол сұғушылық болып табылады. Материалдық зияннан бөлек, көмек пен қайырымдылық институттарына деген азаматтардың сенімі бұзылды, әділетке деген үмітке нұқсан келтірілді, – деді Кезекен.

Сондай-ақ, прокурорлар сотталушылардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкін тәркілеп, зардап шеккендерге беруді талап етті.

Перизат Қайраттың жауап алу отырысы жабық режимде өтті, БАҚ өкілдері сот залына жіберілмеді. Ғани Алашбаева жауап беруден бас тартты.

Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша айып тағылды:

  • 190-баптың 4-бөлімі, 2-тармағы – «Аса ірі көлемдегі алаяқтық»;

  • 218-баптың 2-бөлімі, 1-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру (жылыстату)»;

  • 218-баптың 3-бөлімі, 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті адамдар тобының заңдастыруы».

Мемлекеттік айыптаушылар барлығы үш эпизодты бөліп көрсетті – мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек, Таяу Шығыстағы зардап шеккендер және Қазақстандағы су тасқынынан жапа шеккендерге қатысты.

Оқи отырыңыз: Павлодарда ірі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Новости партнеров