Жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізілді
Талдықорған қаласында жаяу жүргіншіні жүк көлігі басып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
20 жастағы жігіт техниканың астында қысылып қалған. Абырой болғанда, азаматты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен шығарып алған. Жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізілді. Ал автомобиль арнайы тұраққа қойылып, жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласында жол көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел құтқарушылар тобы жіберілді. Зардап шеккен адам көліктің астында қысылып қалған. Оны гидравликалық құралдың көмегімен шығарып, дәрігерлерге тапсырдық", – деді Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Ринат Карандашев.
Оқи отырыңыз: Тілсіз жау: Қарағанды облысындағы ауыл тұрынғындарына қауіп төнді