Тілсіз жау: Қарағанды облысындағы ауыл тұрынғындарына қауіп төнді

Қарағанды облысында басталған жалын Павлодар өңіріне де жетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданындағы өртті тоқтату мүмкін болмай жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 21 мың гектардан астам жерді қызыл жалын шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатты желдің әсері өртті ушықтыра түсіпті. Салдарынан тілсіз жау шалғайда жатқан Теректі ауылына да қауіп төндірген. Қазір өңірдегі халықты эвакуациялау үшін барлық техника сол маңда жүр.

Еске салайық, Қарқаралыдағы тілсіз жаудың салдарынан өрт сөндіру қызметкері Хали Қайрат оқиға орнында көз жұмған. 33 жастағы марқұм 2014 жылдан бері Төтенше жағдайлар қызметінде жұмыс істеген. Төрт адамды түрлі деңгейде күйік  шалған. Оның бірі - ауыл тұрғыны.

"Өртпен күресу кезеңінде 4 науқас ауруханаға түсті. Қарқаралы аудандық ауруханаға, одан кейін бізге жеткізілді. Қазір науқастардың жағдайы тұрақты. Бүкіл керек ем шараларын алып жатыр", – деді  Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы травматология орталығының басшысы Берік Төлеубаев

Апат болған жерде 401 адам, 68 техника жұмыс атқарып жатыр. Өртпен күреске одан өзге 5 әуе кемесі де жұмылдырылған.

Айта кетейік, Қарағанды облысында басталған жалын Павлодар өңіріне де жетті.

"Қазіргі таңда облыс әкімдігінің басқаруымен жедел штаб құрылған. Жұмылдырылған күштер өртпен күресіп жатыр. Өкінішке қарай, жел күшеюі  және рельевтің ерекшелігі өрт сөндіру жұмыстарына кері әсер тигізіп отыр", – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков.

Оқи отырыңыз: Қарағанда облысында екі шахтер көз жұмды

Новости партнеров