Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыда болған жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы 3 тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көлік оқиғасы түсіп қалған бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданында, Құлжа тракті мен Рысқұлов даңғылының қиылысында тіркелген. Audi маркалы көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жоғары жылдамдықпен темір қоршауға соғылған. Соққы салдарынан көлік салонындағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі аялдамаларда қозғалыс кестесі мен тәртіпті сақтауды талап етті