Жарты жылда қанша адам елден көшіп кетті
elements.envato.com
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында еліміздегі ағымдағы көші-қон жағдайы туралы баяндады. Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді.
2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кетті. Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Ал ішкі көші-қон бойынша азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі байқалады. Ел шегінде қоныс аударушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58