Жасөспірімдер құқығы мен қауіпсіздігі: ҚМА қандай деректерді жариялады

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

97 заңсыз ойынхана жабылып, заңсыз айналымнан 1,8 млрд теңгенің вейпі тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі өскелең ұрпақтың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау бағытында атқарылған бірқатар жұмыс нәтижесін жария етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері білім беру саласындағы тексерістер нәтижесінде 4,8 млрд теңгеге жуық жымқыру фактілері анықталып, 3,5 млрд теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ «Вейпке жол жоқ» акциясы аясында заңсыз айналымнан 1,8 млрд теңге сомасына 350 мың вейп тәркіленді. Жасөспірімдердің денсаулығын қорғау бағытындағы күрес жалғаса бермек.

Сонымен қатар 97 заңсыз ойынхана жабылып, жастарды азғыруға бағытталған арам пиғылды әрекеттер тоқтатылды.

«Есірткісіз болашақ» шарасы шеңберінде 180 есірткіге қатысты құқықбұзушылық дерегі анықталып, дер кезінде тоқтатылды», - делінген ҚМА хабарламасында.

Тағы бір айта кетерлігі, еліміздің мектептерінде қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілді.

«Ұлттық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасына 3 500-ден астам студент қатысты, бұл жастардың сауатты әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына негіз қалайды. Біз балалар мен жастардың денсаулығы, тәрбиесі мен қаржылық сауаттылығы үшін алдын ала әрекет етеміз. Олардың қауіпсіздігі – ел қауіпсіздігінің іргетасы», - дейді агенттік өкілдері.

Оқи отырыңыз: Балаларды автобустан мәжбүрлеп түсірудің 60-қа жуық дерегі тоқтатылды

Новости партнеров