Туристік делегация құрамында 246 адам бар
Алматы-2 теміржол вокзалына Қытайдан келген «Сиань-Алматы» бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойыз келіп жетті. Қытайдан келген туристерді қарсы алу құрметіне перронда ұлттық өнер көрсетіліп, домбыраның әуезді күйі шырқалған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Турзим және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға қос елдің мемлекеттік және көлік салаларының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Сиань қаласының мәдениет және туризм басқармасының директоры, ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы қатысты.
Құрам 9 вагоннан тұрады. Туристік делегация құрамында 246 адам бар. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының танымал өкілдері бар. Қытайлық қонақтар бес күн бойы еліміздің оңтүстік астанасының тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі шараларға қатысады.
Бағдарлама аясында төмендегідей іс-шаралар жоспарланған:
Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени қарым-қатынасты тереңдетіп, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырған бастама — теміржол туризмін дамыту және Қазақстанның халықаралық туристік мәртебесін арттыруға бағытталған басым жобалардың бірі.
Оқи отырыңыз: Жасөспірімдер құқығы мен қауіпсіздігі: ҚМА қандай деректерді жариялады