Жасыл Наурыз: Алматыда эко-фестивалі өтті

Экофестиваль қоғамды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тағы бір қадам жақындатты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда табиғатты қорғауға арналған «Жасыл Наурыз» эко-фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қала тұрғындары мен белсенділер атсалысты. Олар пластиктен жасалған қақпақтарды ұсақтап, қайта өңдеу процесіне тікелей қатысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар қолдарымен орындықтар мен үстелдер жасап, дайын бұйымдарын сауда орталығына таныстырды. Экофестиваль қоғамды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тағы бір қадам жақындатты.

 «Пластиктен көп бұйым жасауға болады. Жиһаз өндірісін қолға алдық, брелок жасаймыз», – деді компанияның өндіріс меңгерушісі Мұрат Аманжолов.

Оқи отырыңыз: Алматы метросында Наурыз мейрамына орай перфоманс өтеді

 

 

 

Новости партнеров