Жауын жауып, жел күшейеді: Алматының коммуналдық қызметінің дайындығы қандай

22.09.2025 20:33

Су басуы мүмкін жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын  жою үшін коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы кезекшілік етеді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Қазгидромет» мекемесінің дерегінше, 23 қыркүйекте сағат 5-тен бастап 24 қыркүйек таңға дейін Алматыда жаңбыр жауып, кей жерде оның мөлшері 20 мм-ге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Батыстан соққан желдің жылдамдығы 3–8 м/с болып, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы +17…+19 °С болады деп болжанып отыр.

24 қыркүйекке қараған түні жауын-шашын жалғасады, ал күндіз күн ашық болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Температура түнде +10…+12 °С, күндіз +18…+20 °С шамасында.

Су басуы мүмкін жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын дер кезінде жою үшін қала бойынша коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы кезекшілік етеді.

Бұл жұмыстарға «Алматы тазалық» мекемесі мен мердігер ұйымдардың 123 арнайы техникасы, 74 мотопомпа, 20 ассенизатор көлігі (оның 13-і су басу қаупі бар орындарға қойылған), сондай-ақ 75 жедел бригада тартылды. Олардың құрамында 425 жұмысшы бар, барлығы мотопомпамен және қажетті құралдармен жабдықталған.

Бұған қоса, Алматы қаласы Құтқару қызметі де күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Олардвң қарауында 1 ассенизатор көлігі мен 15 мотопомпа бар.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 арнайы техника мен 246 қызметкер толық дайындықта тұр.

Дереккөз: Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

Оқи отырыңыз: Алматыда шыны ыдыс өндіретін зауыт ашылады