"Жазаға тарту керек": Ақтөбеде жүргізушілер жолға шығып кеткен бүлдіршінді құтқарды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Желіде тараған видеодан бүлдіршіннің жолға екі рет шығып кеткенін анық көруге болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз көліктер жиі жүріп жатқан тас жолға шығып кетті. Жүргізушілер баланың жол ортасында жүргенін көрген жүргізушілер көліктен жүгіріп шығып, аман алып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Екі жастан асқан кішкентай қыз жалғыз өзі көліктер жиі жүріп жатқан жолға шығып кеткен. 

Видеодан баланың жолға қарай жақындап, көліктер жоғары жылдамдықпен жүріп жатқан жолға шығып кеткенін көруге болады. Жүргізушілер жедел тоқтап, оны көтеріп, жолдың жиегіне шығарып тастады.

Желіде тараған видеодан бүлдіршіннің жолға екі рет шығып кеткенін анық көруге болады. Абырой болғанда, бала аман-есен. Полиция қазір бүлдіршіннің жеке басын анықтап, ата-анасын іздестіріп жатыр.

“Оқиға тіркелді, қазір ол полицияның бақылауында. Ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен бұл жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Балаға дер кезінде көмектесіп, бей-жай қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз. Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тікелей жауапты екендерін еске саламыз. Кішкентай балалар, әсіресе жол маңында, ересектердің тұрақты бақылауында болуы тиіс", – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Баланың ата-анасы немесе қамқоршыларының жеке басы әзірге анықталған жоқ. Олар табылғаннан кейін, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге салғырт қарағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Оқи отырыңыз: Ақтауда жасөспірім қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Новости партнеров