"Жедел жәрдем" қызметкерлеріне арналған бейнежетон енгізілді

Астана мен Алматыда пилоттық жоба іске қосылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана мен Алматыда жедел медициналық жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бастама ақ халаттылардың шақыртуларға шығу кезіндегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Онда SOS батырмасы, геолокация функциясы және ауысым аяқталғаннан кейін жазбаларды автоматты түрде алу мүмкіндігі бар. Барлық құрылғылар орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылады.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында елімізде қызметтік міндетін атқару кезінде 158 медицина қызметкері зардап шеккен.

 «Жобаның мақсаты – шақыртулар кезінде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру және олардың қызметтік міндетін орындау барысында туындайтын қақтығыстарда, агрессия немесе шабуыл жағдайларында құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Жүйенің толыққанды жұмысы үшін техникалық баптаулар аяқталып, персоналға нұсқаулық берілді, сондай-ақ ІІМ Жедел басқару орталығымен интеграция толық аяқталды. Пилоттық кезеңнің нәтижелері бойынша бұл технологияны еліміздің басқа өңірлерінде енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады», – деді ҚР ДСМ департаменті директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айдар Қасенов.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімдер неше жастан бастап жұмыс істей алады

Новости партнеров