Жел соқса, жарық сөнеді: Қарасай ауданында ауыл тұрғындары ауыз суға зәру

11.06.2025 21:01

Қала іргесінде орналасқан Көктоған ауылы өркениеттен мақұрым қалған

Алматы облысының Қарасай ауданында бүтін бір ауыл ауыз суға жарымай отыр.  Күніміз көк бөшкеге қарап қалды деген көктоғандықтар мәселенің талай жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтты, деп хбарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала іргесінде орналасқан Көктоған ауылы өркениеттен ада. Жол мен ұялы байланысты былай қойғанда, адамға қажетті ауыз су мен жарық мәселесі күні бүгінге дейін шешімін таппаған. Тіршілік нәріне зәру тұрғындар орталық жүйе болмағандықтан үйінен құдық қазуға мәжбүр. Ал жел тұрса, сымдары үзіліп, сөніп қалатын жарықтан жұрттың тұрмыстық техникасы жиі істен шығады.

«Жел соқса, жарық сөніп қалады. Тоңазытқыш күйіп кетті. Су келмегеннен кейін әркім қзіне метріне 10 - 15 мың теңге төлеп, құдық өазып алыған», – деді ауыл тұрғыны Алмагүл Дүрменова.

Ауыл тұрғыны Рәбиға Кәшкееваның айтуынша, аудан әкімдігі бұл мәселеден хабардар. Осы күнге дейін талай уәде берілгенімен, нақты нәтиже болмапты.

«Жыл сайын «тендерден өтті апа, жарық қосылады» дейді. Электр желісі үзіліп, жерге түседі. Шақыртамыз электриктер келіп, іліп кетеді. Бәрі әрең тұр.  Су мүлдем жоқ», – деді ауыл тұрғыны Рәбиға Кәшкеева

Бүтін бір ауыл дәл осы көк бөшкеге күні қарап отыр. Оның өзінде бұл резервуар жарты ауылды ғана тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін көрінеді. Ал жартысы таза су алу үшін 1-2 шақырым жерден бөтелкемен су тасып ішуге мәжбүр.

Бұқара базынасын тыңдауға жергілікті әкімдік қызметкері де келді. Айтуынша, бүгінде су ұңғымасын салу үшін жер телімі сатып алыныпты.

 «Су ұңғымасын орналастыратын жер мәселесі болды. Қазір жекеменшік жер иелеріне хабарластық. Ешқайсысы бергісі келмейді. Қазір 1 гектар жер сатып алып жатырмыз. Сол жер жоба еніп, болашақта су ұңғымасы орналастырылады. Көп мәселені қаражат шешеді.. Суды да, жарық мәселесін де келесі жылға жоспарлап отырмыз», – деді Қарасай ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Салауат Бейсенбекұлы.

Жекеменшік жер сатып алынғанымен, ұңғыманы іске қосу мен электр желілерін жаңарту келесі жылдың еншісінде.

Олжас Омарбек, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Елімізде соңғы бір жылы қалған 1700 сотталушыға рақым етілмек