110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды
500-ден аса отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағын алды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бекітілген «Халық қаһарманы» атағымен 12 соғыс ардагері наградталды.
«Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесіне халқымыздың біртуар батырлары – Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру туралы заңға қол қойды. Бұл – ерліктің символына айналған батырлар есімін ұлықтаудың жарқын мысалы», - делінген хабарламада.
110 қазақстандық «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды.
Айта кетейік, Әскери шеруді AlmatyTV телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ арнаның YouTube желіcіндегі парақшасынан көре аласыздар.
Оқи отырыңыз: Айбынды армия – Тәуелсіздігіміз қорғаны: Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштері туралы