Жеңіске жетелеген күш-жігер: 7 тіл меңгерген Сейтжан Кенжеғұл оқушылармен кездесті

17.10.2025 18:43

Сұхбат барысында Сейтжан Кенжеғұл жастарға шектеу тек адамның миында екенін жеткізді

Алматыда № 203 жалпы білім беретін мектепте «Жеңіске жетелеген күш-жігер» атты тағылымы мол рухани кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш білім ордасы ұйымдастырған жиынның қонағы мәжіліс депутаты, параолимпиадашы, жеті тіл меңгерген Сейтжан Социалұлы болды. Кездесу барысында ол өзінің өмір жолындағы қиындықтар мен жеңістерге толы сәттері жайында әсерлі әңгіме айтып берді. Жиын соңында оқушылар қонаққа көкейіндегі сауалын қойып, кеңес алды. Сұхбат барысында Сейтжан Кенжеғұл жастарға шектеу тек адамның миында екенін жеткізді.

«Ми – бұлшық ет. Оны әрқашанда не істеу керек? Тіл үйренумен, кітап оқумен,  ақпаратты іздеумен шынықтыру керек. Тіл үйрену және де кітап оқу  адамның миын, ішіндегі нейрон байланыстарының көп болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан әр азаматқа тіл үйреніңіз және де көп кітап оқыңыз дегім келеді. Бұл адамның шексіз қабілеттерін пайдалануға мүмкіндік жасайды», – деді ҚР Президентінің жанындағы Әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі омбудсмен Сейтжан Кенжеғұл.

Оқи отырыңыз: Өнер мен қазақ тілі пәнін кіріктіре оқыту: Алматыда семинар өтті