Жеңістің 80 жылдығы: қазақстандықтар әскери парадты қайдан тамашалай алады

Қорғаныс министрлігі
Қорғаныс министрлігі

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Әскери шеру:

  • республикалық телеарналардан;
  • еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан;
  • Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан Қарулы күштерінің күш-қуатын көрсететін салтанатты шеру елдің мерейін өсіріп, айбынын асырады.

Айта кетейік, парадтың тікелей көрсетілімін AlmatyTV телеарнасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда ұландықтар 90 жастағы тыл ардагеріне құрмет көрсетті

Новости партнеров