Жер сілкінісі: Төтенше жағдайлар министрлігі хабарландыру қалай таралғанын түсіндірді

Almaty.tv
Almaty.tv

Министрлік АСРО мен MasAlert жүйесінің интеграциясы бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі байланысты хабарландыру қалай таралғанын түсіндірді, деп хаьарлайды Almaty.tv.

ТЖМ мәліметінше, 28 сейсмостанциядан құрылған автоматтандырылған ерте ескерту жүйесі (АСРО) Алматыда 2023 жылдан бастап іске қосылған. 

"Алғаш болып оқиғаны тіркеген станция — Ақжардағы станция болды. Алынған деректер негізінде жүйе MasAlert-ке сигнал жіберіп, содан кейін ресми хабарлама таратылды", - делінген ведомство жауабында.

Министрлік АСРО мен MasAlert жүйесінің интеграциясы бойынша жұмыстар жалғасатынын хабарлады.

"Мамандар ақпарат беру және аналитикалық алгоритмдерді жетілдіру жұмыстарын жүргізуде, бұл қауіпті сейсмикалық оқиғалар кезінде халықты дер кезінде хабардар етуге, сондай ақ нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ТЖМ.

Еске салайық, Алматы маңында жер дүмпуі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Новости партнеров