Жерден 30 есе ауыр: ғалымдар жаңа планета тапты

Мира Байбек
New exoplanet super-Neptune.  FB/Stellar catalog
New exoplanet super-Neptune. FB/Stellar catalog

Ғаламшар өз жұлдызына өте жақын орналасқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астрономдар 685 жарық жылындай қашықтықта орналасқан жаңа планетаны тапты. TOI-5005 b деген атау алған ғаламшар Күн тәрізді жұлдызды айналып өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Interesting Engineering басылымы хабарлады.

«Бұл планета Жерден шамамен алты есе үлкен және 30 есе ауыр. Ғаламшар 685 жарық жылындай қашықта орналасқан, оның радиусы Жерден 6,25 есе, ал массасы 32,7 есе көп. Осылайша, жаңа планетаның тығыздығы 0,74 г/см3 құрайды», - делінген хабарламада.

TOI-5005 b планетасы 0,066 астрономиялық бірлік қашығын сақтай отырып, өз ғаламшарының айналасында әрбір 6,31 күнде толық айналып шығады. Бұл шамамен 10 миллион км. Салыстыру үшін айтсақ, Жер Күннен 150 млн км қашықтықта орналасқан. Есептер көрсеткендей, аталған планетадағы орташа температура Цельсий бойынша 767 градусты көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, TOI-5005 жұлдызының жарығы жаңадан ашылған планеталық жүйені атмосфералық және орбиталық тұрғыдан зерттеуге тамаша мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Халықаралық тау курорттары марапаты: Қазақстан ең көп жүлде жеңіп алды

Новости партнеров