Атырауда зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім кесті

20.12.2024 21:37

Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Almaty.tv

Атырауда көлігін абайсызда сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім кесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. «Дина» базарында болған оқиғаға қатысты қылмыстық істі полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу» дерегі бойынша қозғаған.

Айта кетейін, «Газель» мінген зейнеткер «Мерседес» маркалы автомобильдің есігін сырып кетіп, содан жанжал басталған. Жеңіл көлік иесі жүк көлігінің жүргізушісін бірнеше рет соққыға жыққан. Салдарынан марқұм ауруханада есін жимастан көз жұмған. Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Оқи отырыңыз: Елімізде алимент төлеуден жалтаратындар көбейген