Өңірде дауыс беру құқығына ие 85 мыңға жуық адам бар
Жетісу облысындағы референдум учаскелерінің бірінде бір мезетте бір әулеттің 33 мүшесі дауыс беруге келген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Панфилов ауданының тұрғындарының айтуынша, дауыс беру - ертеңгі ұрпақтың болашағы үшін маңызды қадам. Сол келешекке үлес қосқан Жақыбаевтар әулеті 9 баладан тараған 69 шөберені тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, аталған ауданда 78 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Ал өңірде дауыс беру құқығына ие 85 мыңға жуық адам бар.
"Бес қыз, төрт ұлдан 36 немерем бар. 36 немеремнен 69 шөберем бар. Құдайға мың тәубә! Бала-шағамызбен, әулетімізбен ойлана келе еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадық!" – деді Жаркент қаласының тұрғыны Азия Жақыбаева.
Оқи отырыңыз: Сыр өңіріндегі референдум учаскелерінде Exit poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр