Өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр
Жетісу облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін нығайтуға бағытталған бірқатар шара қабылданды. Өңір аудандарында сегіз медициналық нысан ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірде барлығы 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлді.
Жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілген ауылдар:
Сонымен қатар Алакөл ауданы Жайпақ ауылында дәрігерлік амбулатория мен Қайнар ауылында ФАП іске қосылды.
Нысандардың барлығы инженерлік инфрақұрылыммен, заманауи медициналық техникамен жабдықталған және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету стандарттарына сәйкес келеді.
Бұл жобаларды жүзеге асыру шалғайдағы елді мекендердің 4 мыңнан астам тұрғынын медициналық көмекке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі