Жетісу облысында киік мүйізінің заңсыз саудасы тоқтатылды

13.05.2025 16:12

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды

Фото видеодан алынды

Жетісу облысында киік мүйізінің заңсыз саудасы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 539 миллион 667 мың теңгені құраған. Құзырлы органдар Текелі қаласы аумағында 300-ден астам киік мүйізін заңсыз сатумен айналысты деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғынын ұстаған. Тексеру кезінде оның автокөлігінен табылған айғақ заттар сот сараптамасына жіберілді. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды. 

Оқи отырыңыз: Шегірткемен күрес: Олжас Бектенов екі өңірді бақылауға алуды тапсырды