Жол қауіпсіздігі: ата-аналар мен балалар нені білуі керек
Almaty.tv
Қарапайым ережелердің өзі сақталмаса, үй мен мектеп арасындағы қысқа жол да қауіпті болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жол қателіктерді кешірмейді. Қарапайым ережелердің өзі сақталмаса, үй мен мектеп арасындағы қысқа жол да қауіпті болуы мүмкін. Баланы жазатайым оқиғадан қорғау үшін ерте кезден оған қауіпсіз мінез-құлықты үйрету маңызды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ата-аналар нені есте ұстауы керек:
- Өзіңіз үлгі болыңыз. Балалар ересектерден көргенін істейді. Жолды тек жасыл шам жанғанда және рұқсат етілген жерден өтіңіз;
- Ережелерді үнемі түсіндіріңіз. Қайталау – есте сақтаудың кілті. Жаяу жүргіншілер өткелінің не үшін қажет екенін, бағдаршамның қалай жұмыс істейтінін, көліктегі "соқыр аймақ" деген не екенін айтыңыз.
- Жолда құлаққап киюге немесе телефонға қарауға рұқсат бермеңіз. Бұл мұқияттылықты азайтып, қауіпті жағдайға әкеп соғуы мүмкін.
Бала нені білуі керек:
- Жолды тек бағдаршамның жасыл түсі жанғанда және жаяу жүргіншілер өткелі бар жерден өтуге болады.
- Жолда немесе жолдың маңында ойнауға қатаң тыйым салынады. Егер доп немесе ойыншық жолға шығып кетсе, ересек адамды шақыру қажет.
- Аулада да мұқият болу маңызды, себебі көлік гараждан немесе автотұрақтан күтпеген жерден шығу мүмкін.
Дерекөз: Polisia.kz
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында 10 мың оқушы сенбілікке қатысты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
21.11.2026 15:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Жауапкершілікті сезіне біліңіз: 21 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
21.11.2026 09:41
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
21.11.2026 16:54
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
22.11.2026 10:54