Жолды 2025 жылғы 11 қарашада сағат 11:00-де ашу жоспарланған
Солтүстік Қазақстан облысында жолдың опырылып кетуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қатты жауын-шашын мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан KZ15-08 Тимирязево – Сарыколь – облыс шекарасы автожолының 0-30 км (Қостанай облысы шек.- Темирязево ауылы) аралығында жол ойылып кетті», - делдінген хабарламада.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 қараша сағат 11:00-ден бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі үшін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Қостанай қаласынан Тимирязев ауданына қозғалыс келесі республикалық маңызы бар балама(альтернативті) автожолдар арқылы жүзеге асырылады:
Жолды 2025 жылғы 11 қарашада сағат 11:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады