Жолда зейнеткер отырған көліктің есігі ашылып, құлап түсті

02.10.2025 16:36

Аталған жағдай бойынша полиция әкімшілік іс қозғалды

Қостанайда 65 жастағы әйел көлік астында қалды. Оқиға қаладағы Алтынсарин мен Гоголь көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Зейнеткер отырған темір тұлпардың есігі кенеттен ашылып, ол көліктен құлап түскен. Дәл сол сәтте таксидің артынан келе жатқан басқа темір тұлпар жүргізушісі жолда жатқан адамды байқамай, басып кетіпті.

Абырой болғанда, әйел адам аман қалды. Алайда ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал аталған жағдай бойынша полиция әкімшілік іс қозғалды.

«Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзды деп айыпталды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Осы сәтте естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, барлық жолаушылар отырған орынға қарамастан, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағып жүруі керек. Бұл талаптарды сақтау жеке қауіпсіздік үшін өте маңызд», – деді жергілікті Полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Әсем Ерденова.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады