Қазақстан азаматтары Армения аумағында жарты жыл ішінде 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Ал аталған елдің азаматтары қазақ даласында сәйкестендіру картасы арқылы жүріп-тұруға құқылы. Сенторлар екі мемлекет арасындағы азаматтардың сапарлары, көші-қон саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімдерді ратификациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші құжат екі ортадағы сапарларды жеңілдетеді. Оған сай, Қазақстан азаматтары Армения аумағында жарты жыл ішінде 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Аталған ереже келесі тарапқа да қолданылады. Бұл туризмнің, іскерлік байланыстардың дамуына және гуманитарлық қарым-қатынастардың нығаюына ықпал етеді. Ал екінші келісім көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді.
«Қаралған заңдар Қазақстан мен Армения арасында көші-қон процестерін, құқықтық тетіктерін жетілдіруді көздейді. Бұл ретте елдеріміз статистикалық, құқытық және ғылыми әдістемелік ақпартпен алмасуға келісті. Сонымен қатар келісім аясында сапарлар үшін қажетті құжаттар тізбесі кеңейтіліп отыр. Жалпы мақұлданған заңдар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз», – деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Оқи отырыңыз: Арнайы операция кезінде елордада заңсыз көші-қон арнасы әшкереленді