Жолдауда айтылған мәселе: ел азаматтарының пікірі қандай

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елдің даму бағытын айқындап, біршама салаға басымдық беру керек екенін ашып айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысының халыққа үндеуін жұртшылық та қолдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан жаңа цифрлық дәуірге қадам баспақ. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елдің даму бағытын айқындап, біршама салаға басымдық беру керек екенін ашып айтты. Президент мәлімдегендей, Қазақстан алдағы үш жылда түбегейлі цифрлық елге айналмақ. Сондай-ақ агросаланы дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, су ресурстарын үнемдеу, жолдағы қауіпсіздік сынды мәселелер ерекше назарға алынды. 

«Заманға сай, цифрлық қадам жасау керек. Халық білмегенін үйренеді», – деді  қала тұрғыны Ерлік Құсайынов

«Жылдан жылға ауыз су азайып барады. Оны үнемдеу керек. Ол жайында халық саналы ойлауы керек. Үнемдеймін және соған атсалысам», – деді Атырау қаласының тұрғыны Бақытжан Жиенқұлов.

«Жүре алмайсың. Самокаттарға арналған жолы болу керек шығар. Көпшілігі жүру ережесін де білмейді. Талапты күшейту керек», – деді қала тұрғыны Әлия Биниязова.

 «Игерілмеген жерлер әлі де жекеменшік иелігінде. Негізгі жерлерді бөліп,  халыққа сатады. Үй салып, егін егіп, қой, мал шаруашылығымен айналысса, игерілмеген жер көп», – деді Алматы облысының тұрғыны Таласбек Жүнісов.

Оқи отырыңыз: Бектенов жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Новости партнеров