Жолдауда айтылған мәселе: энергетика саласындағы мамандар даярлау ісі қалай жүзеге асуда

08.09.2025 20:07

Ғылыми жоба аясына еліміздегі барлық жер асты термалды суы зерттелуде

«Қазақстанда екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салу жоспарын қазірден қолға алу қажет". Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Президенттің айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде қуаты 6,3 гигаватт болатын жаңа «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Мұндай қадам еліміздегі баламалы қуат көздерінің үлесін айтарлықтай арттырмақ. Осы бағытта Сәтбаев университетінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқу орнында энергетика саласына қажетті мамандар даярланып, арнайы ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Сол себепті бұл бастаманы білім қалашығының оқытушылары толық қолдайды.

«Біздің университетімізде гидрогеология саласы бойынша жерасты термалды суларынан энергия алу бойынша арнайы қаржыландырылған ғылыми жоба жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық жер асты термалды суын зерттеп, одан қандай жасыл энергия көзін алу үшін ғылыми жұмыстар жүргізіп жатыр. Сол салаға университетіміздің мамандары даярлайды», – деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ техника ғылымдарының кандидаты Ерғали Әуелхан.  

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы заманауи мәдени-спорт кешені ашылды