Полицейлер мәйіттерден мойын тұсындағы арқан ізінен басқа ешқандай дене жарақатын анықтамаған
Жамбыл облысындағы Түймекент ауылында 2 күнде 2 жасөсірім қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кәмелет жасына толмағандардың бірі 15 жаста. Жеткіншек осыдан 4 күн бұрын баспанасынан шығып кетіп, қайта оралмаған.Інісі оның мәйітін үйден 300 метр қашықтықта орналасқан байланыс мұнарасында асылып тұрған жерінен тапқан. Қайғылы жағдайдан екі күн өткенде, ауыл мектебінде 11-сынып оқитын тағы бір оқушы өз-өзіне қол салған. 16 жастағы жасөспірімнің денесі үй маңындағы қорадан табылған. Полицейлер мәйіттерден мойын тұсындағы арқан ізінен басқа ешқандай дене жарақатын анықтамаған.
"Аталған деректер бойынша Байзақ ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғалардың толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері жан-жақты тергеп-тексеру іс-шаралары бастады. Екі жағдайдың бір-біріне қатысы жоқ. Қайтыс болғандар туыс емес", – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұқтарқұлова.
Оқи отырыңыз: Астанада заңсыз вейп сақтау қоймасы табылды