Министрлік бірқатар мәселелерді бақылауда ұстап отыр
Тұрғындардың көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындық болмауы керек. Осылай деген Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірлердің қысқа дайындығын пысықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жылыту маусымының қалыпты өту барысын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндады. Министр мәліметінше, республика бойынша энергия көздерінің отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 88 мың тонна мазут жиналған. Тек Риддерде қатты отын қоры нормаға жетпейтін көрінеді.
"Тек Риддер жылу электр орталығында көмір қоры 20 тәулік нормадан 14 тәулікті қана құрайды. Жинақтау жұмыстары жалғасуда. Министрлік өңірлер бойынша бірқатар мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Шығыс Қазақстандағы Риддер жылу электр орталығында 2 қазандық жұмыс істеп тұр. Ал 2 қазандықты жөндеу жұмысы аяқталды. Іске қосылды", – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда қылмыстық ахуал тұрақты