Олардың бәрі жіті бақылауға алынды
Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 17 адамнан қатерлі ісік анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Былтыр қазанда іске қосылған нысан "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен жұмыс істеп келеді. Бұл заманауи технология облыстағы аудан мен ауыл тұрғындарына тегін түрде қатерлі ісіктің ерте сатысын анықтауына және алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.
"Қазіргі таңда 14000-ға жуық ауыл тұрғынын қарап тексердік, 17 қатерлі ісік ауруы анықталды. 450-ге жуық ісікалды аурулары анықталды. Олардың бәрі жіті бақылауға алынып, Алматы облыстық аймақтық клиникасына шақыртылды", – деді Жылжымалы медициналық кешеннің бөлім меңгерушісі Бақытжан Есіркеп.
Оқи отырыңыз: Алматыда екі жаңа емхана Бостандық ауданында пайда болады