Жыныстық құлдық: Қызылордада оқушыны мәжбүрлеп келген күдіктінің біріне үкім шықты

12.11.2024 15:01

Ол жасөспірімге күш көрсетіп, 700 мың теңге талап еткені үшін сотталды

Қызылордада 16 жастағы мектеп оқушысын жыныстық құлдықта ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген атышулы істе кінәлі деп танылған алғашқы айыпталушыға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жасөспірімге күш көрсетіп, 700 мың теңге талап еткені үшін сотталды. Айыптау актісінде азамат оқушы қызды қорқытып, қомақты қаражат талап еткен делінген.

Айта кетейік, жазда анасы 11-сынып оқитын қызын құрбылары жарты жыл бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп келгенін айтып шағымданған. Оқиғаға қатысты тағы бірнеше адам күдікті ретінде қамауға алынды. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Қазір өзге істерге қатысты сот процестері жабық өтіп жатыр.

"ҚПК-тің 387, 390, 392,393, 395, 398, 401,402 баптарын басшылыққа ала отырып сот үкім етті. Сотталушы ҚПК-тің 194-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылсын. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленсін. Жаза өтеу мерзімі 2024 жылғы 16 тамыздан бастап есептелсін", – деді Қызылорда қаласы №2 сотының төрағасы Балғабай Жаңабаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда кальян барларға рейд жүрді