Жігітше шешейік: Түркістанда бірнеше шенеунік қызметінен айырылды

17.03.2026 15:15

Олар жұмысқа салғырт қарап, қызметтік әдепті сақтамай, тұрғындармен дөрекі сөйлекен

Түркістанда заң талаптарын елемеген бірқатар шенеунік қызметімен қоштасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі және Түркістан қаласындағы 2 бөлім басшысы бір күнде креслосынан айырылды. Бұдан бөлек, тағы 2 ауылдық округ әкіміне «қызметіне сәйкес еместігі» жөнінде қатаң ескерту жасалды. Мұндай шешімдерге олардың жұмысқа салғырт қарауы, қызметтік әдепті сақтамауы және тұрғындармен дөрекі қарым-қатынас жасауы себеп болған. Тіпті кейбір басшылар мәселені заңмен емес, «жігітше» көше стилінде шешуге көшкен. Сонымен қатар жер қатынастары саласында заңсыз шешім қабылдағандар да жауапкершіліктен тыс қалмады. 

«Састөбе кентінің әкімі Айдарбеков 2026 жылдың 22 ақпанда ватцап группасында қоғамдық кеңес мүшесі Кемелбековге «жігітпіз ғой, жігітше шешейік, кел бірге-бір» деп айтқан аудиожазбасы мемлекеттік қызметші бола тұра әдеп нормаларын бұзу фактісі орын алғаны анықталған. Яғни аталған факт 2026 жылы 23ақпанда Ұлан Кемелбековтің тикток желісіне жарияланған», – деді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы  Әбдірәсіл Әбиев.

Оқи отырыңыз: 45 мың теңгелік iPhone 17 Pro Max: Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті құрықталды