Жоғалған отбасы: ауыл тұрғындары ерлі-зайыптылардың денесін жер қойнына тапсырды

08.01.2026 13:53

Әкімдік мәлімдегендей, жерлеу рәсімін марқұмдардың туыстары өздері ұйымдастырған

Атырау облысы Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында бұған дейін қорадан табылған ерлі-зайыптыларды жерлеу рәсімі өтті.

Марқұмдармен қоштасуға туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары келді. Жерлеу рәсімі таңертең ауыл зиратында өтті. Қайғы жамылған көпшілік көз жасын тыя алмады.

Әкімдік мәлімдегендей, жерлеу рәсімін марқұмдардың туыстары өздері ұйымдастырған

Айта кетейік, бұған дейін із-түссіз жоғалғандар санатында болған бұл екі адамның мәйіті 6 қаңтар күні өз үйлерінің алдындағы қораның ішінен табылған.

Әлдекім оларды өлтіріп, 1,5 метр тереңдікте шұңқыр қазып, екі мәйітті шұңқырға көмік, ізін жасыру үшін шұңқыр қазылған орынның үстіне диван қойып кеткен.

Атырау облысында отбасының жоғалып кетуіне күйеу баласының қатысы болуы мүмкін екенін жазғанбыз.