Референдумға дейін:
1
күн
14
сағат
31
минут

Қазақстанда білім беру мен медицина салалары тұрақты дамып келеді - Президент

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Соңғы жеті жылда 1259 медицина нысаны салынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Астанадағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзінде білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

- Көптеген елге қарағанда Қазақстанда барлық деңгейде ақысыз білім алуға мүмкіндік бар. Бұл қағидат жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз сақталды.

Біздің балаларымыз мемлекеттік мектептерде ақысыз, яғни ақысыз оқиды. Қазір еліміздегі колледждерде 150 мың студент мемлекет қаржысы есебінен білім алуда.

Ізденіп-талаптанса, кез келген жас азамат жоғары оқу орнына грант арқылы түсе алады. Мемлекет мұндай грант санын жыл сайын арттырып жатыр, - деп тоқталды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер бар екенін айтты. Соның бірі – халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы.

- Елімізде өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75,9 жасқа жетті. Бұл – осы аймақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

2023 жылдан бері ана өлімі 35 пайызға азайды. Ал сәби өлімі 20 пайызға қысқарып, тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейге түсті, - деді Президент.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау инфрақұрылымы да жүйелі түрде дамып келеді. Соңғы жеті жылда елімізде 1259 медициналық нысан салынған.

- Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысан бой көтерді. Былтыр Астанада науқастарды емдейтін Протондық терапия орталығы ашылды. Бұл – біздің аймақтағы теңдессіз нысан.

Сондай-ақ өткен жылы «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Әйелдердің денсаулығын қорғауға арналған бұл бағдарламаның да мән-маңызы айрықша.

Менің тапсырмаммен 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Соның аясында жыл сайынғы бөлінетін квота саны 7 есе артты (яғни 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді). Бүгінде 11 мыңнан астам сәби осы ЭКО тәсілімен дүниеге келді, - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қор – балаларға: 7 миллионға жуық баланың арнайы есепшотына 2,5 миллиард доллардан астам қаржы аударылды

Новости партнеров