Жолдағы төбелес: Шымкентте атышулы жағдай бойынша сот отырысы басталды

20 қаңтар күні бір топ адам жолда төбелес шығарып, 40 жастағы азаматты пышақтап кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте атышулы жағдай бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Еске салсақ, 20 қаңтар күні бір топ адам жолда төбелес шығарып, 40 жастағы азаматты пышақтап кеткен. Кейін марқұмның денесін қала сыртындағы аурухананың автотұрағына тастап кеткен. Жанжал кезінде тағы 2 адам зардап шеккен. Сотта олардың басы, кеуде тұсы мен шүйдесінен жарақат алып, қабырғалары сынғаны айтылды.

Қазір осы іске қатысы бар 6 айыпталушы сот алдында жауап беріп жатыр. Олардың үстінен «Адам ұрлау», «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптарының бірнеше тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Бұдан бөлек, қанды қылмысқа қатысы бар деген тағы 2 адам іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын прокурор айтып берді

«Қылмысты жасау үшін күдіктілер өзімен бірге тергеумен анықталмаған пышақ және тапаншамен қару алып,  қылмыстық әрекеттері әшкереленбес үшін бетпердемен ҚК 99-бабы 2-бөлігі 3,5,7,9,11-тармақтары, 125-бабы 2-бөлігі 1,3,4 тармақтары, 293-бабы 3-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін айыпталады», – деді прокурор Мұхтар Арыстанов.

Оқи отырыңыз: Қазақстан шекарасында жүк өткізу процесі 30 пайызға жеделдеді