Жолдағы жүгенсіздік: Қарағандыда той кортежінің бес көлігі айып тұрағына қойылды

22.07.2026 19:42

Ережені ескермей, есерлік жасаған темір тұлпар тізгіншілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қарағанды қаласында жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің бес көлігі айып тұрағынан бірақ шықты. Ережені ескермей, есерлік жасаған темір тұлпар тізгіншілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

Жол қозғалысына қауіп төндірген заңбұзушылық Бұқар жырау даңғылының бойында тіркелді. Үйлену тойы кортежіндегі көліктер ерсілі-қарсылы ербеңдеп, қарсы бағытқа шығып кеткен.Тіпті жүргізушілердің жолдағы белгілерді елемек түгілі, жылдамдықты шамадан тыс асырғаны да анықталды. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері жүйткіген көліктерді дер уақытында тоқтатып, қауіптің алдын алған.

«Осы фактор бойынша көрсетілген көліктердің жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Көрсетілген 5 автокөлік авто тұраққа қойылды. Мақсатымыз – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», – деді қалалық Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Маурат Уахитов. 

Оқи отырыңыз: Заң мен тәртіп: Алматыдағы Баум тоғайында қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді