Жолдағы жүгенсіздік: Түркістан облысында 1600-ден астам құқық бұзушылықты анықталды

Үш өңірдің полицейлері күш біріктіріп, ауқымды рейд жүргізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында жолдағы жүгенсіздікке тосқауыл қою үшін үш өңірдің полицейлері күш біріктірді. Ауқымды рейдтің алғашқы тәулігінде-ақ тәртіп сақшылары 1600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Оның ішінде ұялы телефонға үңіліп, жолға қарауды ұмытқан 113 жүргізуші, бағдаршамның қызыл түсін елемеген 18 адам бар. Ең сорақысы, мас күйінде көлік тізгіндегендер мен жүргізу куәлігінен айырылса да қайта рөлге отырғандар аз емес. Ал «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолында заңсыз жарық және дыбыс құрылғыларын орнатып алған жүргізуші анықталды. Тәртіп сақшылары оның темір тұлпарын бірден айып тұрағына жөнелтті. Мамандардың айтуынша, мұндай бірлескен рейдтер тәжірибе алмасуға ғана емес, өңірдегі қылмыс пен жол апатын азайтуға да септігін тигізбек. 

«Ішкі істер министрінің нұсқаулығына сәйкес, жүргізушілерді тексеріп жатырмыз.  Жүргізуші куәлігін алмаған жүргізушілер де кездесті. Көлік айдап бара жатып ұялы телефонмен сөйлескен, қауіпсіздік белдігін тақпаған, автокөліктердің алдыңғы терезесін қараңғылаған жүргізушілер көптеп кездесті», – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Шамақов.

Оқи отырыңыз: Шашылған қоқыс: атыраулықтар сасық иіске тұншығып отыр

Новости партнеров